Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкинге «Канелоның» орнына басқа үш қарсылас табылды
Boxingnews24.com журналисі Майкл Малашчик мексикалық Сауль «Канело» Альварестің орнына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингте кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты.
12:02 09.07.2021
«Головкин үшін 160 фунтта үлкен айқастар бар: Джермалл Чарло және Деметриус Андраде. Сонымен қатар ол өзінің жеңістер тізіміне Хайме Мунгияны да қоса алады», - деді автор.
Чарло – WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Андраде — WBO чемпионы. Головкинге келер болсақ, ол да 160 фунттағы екі чемпиондық белдіктің – IBF және IBO иегері. Әзірге Геннадийдің жоспарында желтоқсанға өтетін Риота Муратамен болатын жекпе-жек қана.
Дереккөз: Sports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram