Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда пойыз ер адамды қағып кетті
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәлім еткеніндей, бүгін түнгі сағат 01.56-да жедел жәрдемге қоңырау шалынып, Деркөл ауылында ер адамды пойыз қағып кеткені жөнінде хабар түскен.
12:39 09.07.2021
«Оқиға орнынан орта жастағы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ол оқиға салдарынан екі аяғынан айырылды. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде», - деді А.Сақпосынова.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Еске сала кетейік, бейсенбіде ұшақ құлап, тоғыз адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram