{metadescription}
Дәрігерлер жалған вакцина паспортын сатқан

Дәрігерлер жалған вакцина паспортын сатқан

Қазақстанның үш өңірінде жалған вакциналау төлқұжатын рәсімдеген медицина қызметкерлері ұсталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

"Олар іс жүзінде вакцинацияланбаған адамдарға құжаттарды рәсімдеп, вакцинаны төкті. Көріп отырғандарыңыздай, халықтың денсаулығы пайда табу көзіне айналды. Ал бюджеттен бөлінетін ақша желге ұшып жатыр. Мұндай жалған төлқұжат алған адамдар біздің арамызда жүр. Бізбен бірге бір көлікпен жүреді, бір ұшақпен ұшады", ‒ деді Ахметжанов агентттіктің алқа мәжілісінде.

Ол бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Ресми мәліметке сәйкес, заң бұзған дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында ұсталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.