Нью-Йоркте жауын-шашын салдарынан метро станциялары су астында қалды
Нью-Йорк қаласында нөсер жаңбыр су тасқынына әкеліп соқты, бірнеше метро станциялары су астында қалып, көлік қозғалысы қиындады.
14:50 09.07.2021
Бейсенбіде қалаға және оның айналасында қатты найзағай ойнап, су тасқыны жеке жолдарды су басуына әкелді. Су метро жолаушыларының беліне дейін жеткен. Олар метродан шығу үшін жүзуге мәжбүр болды.
Нью-Йорк транзиттік тасымалдау басқармасының уақытша президенті Сара Фейнберг қала тұрғындарын мүмкіндігінше үйде болуға шақырды. Ол су тасқыны "аз уақыт ішінде қатты жаңбырдан" туындағанын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары