Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
7 жыл іздеуде болған қазақстандық Ресейден табылды
Солтүтік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы әйелге 2014 жылдан бері іздеу жарияланған.
12:16 10.07.2021
Оның бір банкке 2 млн теңгеден астам қарызы болған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шекаралас өңірдегі сот приставтарына іздестіру тапсырмаларын жіберген. Бірлескен іздеу жұмысы нәтижесінде әйелдің жүрген жері анықталды. Борышкер Омбы қаласынан табылды. Қарызды өндіріп алу бойынша шара қабылдау үшін барлық мәліметтер уәкілетті органдарға тапсырылды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне аудан тұрғынына 500 мыңнан теңгеден астам қаражат қарыз болған 42 жастағы ер адамды іздестіру туралы сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Іздеудегінің Ресей аумағында жүргені анықталғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланып, шетелдің құзыретті органдарына сұрау салынды.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ер адамның Тольятти қаласында жүргені белгілі болды. Тағы бір борышкерді полицейлер Түмен қаласынан іздеп тапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram