Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус бойынша ең күрделі жағдай Нұр-Сұлтан қаласында
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентке елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы есеп берді.
15:19 10.07.2021
«Дельта штамының елімізде тіркелуіне байланысты Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешенді алдын алу шараларын қабылдады. Бірінші, денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурстары жұмылдырылды. Материалдық-техникалық жабдықтар, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры, кадрлық резерв дайындалды. Екінші, қалыптасқан эпидахуалға байланысты барлық өңірлерде карантиндік шаралар қатаңдатылды. Үшіншіден, бүгінде жалпы 32 мың инфекциялық төсек-орын бар, оның 37 пайызы қолданыста. Дегенмен ең күрделі жағдай Нұр-Сұлтанда, кеше қалада қосымша төсек-орындар ашылды. Қабылданған шараларға қарамастан мұнда инфекциялық орындардың 62 пайызы, реанимациялық орындардың 85 пайызы науқастармен толып отыр. Оның себебі – елордада соңы айда науқастану саны төрт есеге артып отыр», - деді Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, жалпы барлық өңірлерде, оның ішінде Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай қатаң бақылауда. Эпидемиологиялық ахуал ушыға түскен жағдайда қосымша 50 мың төсек-орын қоры дайын. Өз кезегінде елорда әкімі Алтай Көлгінов шынында да Дельта штамының елге келуімен эпидахуал қиындағанын, оң нәтижесі бар ПТР талдаулары көбейгенін атап өтті.
«Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия отырысында карантиндік шектеулер бойынша қосымша шаралар қабылданды. Мәселен, демалыс күндері қоғамдық көлік тоқтатылды, қоғамдық тамақтану уақыты қысқартылды, кинотеатр секілді ойын-сауық мекемелері уақытша жабылды. Осы аптада стационарға жүктеме көп болғандықтан қосымша 900-ден астам орын аштық. Бүгінгі көрсеткіш бойынша, төсек-орынның 62 пайызында науқастар жатыр. Резервте әлі де орын жеткілікті.
Вакциналау бойынша жұмыстарды күшейттік. Екі апта бұрын тәулігіне 1300-1500 вакцина егілсе, қазір күн сайын 6500-7000 вакцина салынады. Жалпы вакциналау жоспарының 43 пайызы орындалды. Педагогтардың 85 пайызы, коммуналдық қызметкерлердің 88 пайызы егілді. Түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жағдай бақылауда», - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram