Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісін иеленді
Қазақстандық жеңіл салмақ дәрежелі UFC спортшысы Жалғас Жұмағұлов алғашқы қарсыласын жеңді.
10:35 11.07.2021
Лас-Вегаста өткен UFC 264-те 32 жастағы Arlan MMA Pro Team өкілі Жалғас Жұмағұлов өзінің америкалық қарсыласы Джером Ривераны сұлатты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған, алайда Жұмағұлов қарсыласын бірінші раундта жеңді. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл жеңіс кәсіпқой мансабындағы он төртінші және UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол алдыңғы екі жекпе-жегіндегі промоушенде Раулиан Пайведен (20-3) және швед Амир Албазиден (14-1) жеңілген еді.
Бұл Джером Ривераның мансабындағы алтыншы, ал UFC-де үшінші жеңілісі болды. Ол промоушен кезінде барлық үш жекпе-жектен жеңіліс тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары