{metadescription}
Полицей оқушы қыздың жалаңаш суреттерін оның сыныптастарына таратқан

Полицей оқушы қыздың жалаңаш суреттерін оның сыныптастарына таратқан

Ресейдің Тула қаласында полицей оқушы қызды бопсалап, оның жалаңаш суреттерін сыныптастарына таратып жіберген.

32 жастағы полиция капитаны Алексей Шатаев әлеуметтік желіде мектеп оқушысымен танысқан. Ол желіде жалған парақша ашып, мектеп оқушысын жалаңаш фотосуреттер жіберуге көндірген. Шатаев менің досыммен төсектес боласын, әйтпесе, суреттерін жариялап жіберемін деп қызды бопсалайды. Алайда оқушы бұған келіспейді. Ал полицей айтқанын істейді. 

Полиция қызметкерін оның интернетке кірген нөмірі бойынша табу мүмкін болған, деп жазады stan.kz. Ұсталған ер адамға қатысты "14 жасқа толмаған тұлғаны азғыру" және "Жеке өмірге қолсұғушылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Полиция қызметкеріне қатысты оның заңсыз әрекеті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде ол жұмыстан босатылды, ал оның басшылары бұл оқиғаның алдын алуға жағдай жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.