Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жел, жауын, бұршақ – 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
09:36 12.07.2021
Республиканың басым бөлігінде ауа ағындарының әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста нөсер жаңбыр жауады. Тек ел өңірінің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болады, түнде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.
Түнде Атырау облысының кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында және таулы бөктерінде найзағай ойнайды, найзағай жарқылдаған кезінде 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram