Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті
Осылайша Италия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды.
10:15 12.07.2021
Италия құрамасы ЕУРО-2020 финалында пенальтиден Англияны жеңіп, Еуропаның чемпионы атанды. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен финалдың негізгі уақыты 1-1 есебімен аяқталды. Британдықтардан Люк Шоу (2-минут), итальяндықтардан - Леонардо Бонуччи (67) көзге түсті. Люк Шоу Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соқты. Бұл үшін оған 117 секунд қажет болды. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде Италияның жолы болды. Осылайша араға 53 жыл салып, чемпион атанды.
Айта кетерлігі, өз тарихында Италия 1968 жылы чемпион атанса, Англия алғаш рет финалға шығып отыр. Сондықтан ағылшындық футболшылар алғашқы минуттан алға қарай ұмтылды.
Айта кетейік, Еуро-2020 финалдық матчының алдында Англия мен Италия құрамаларының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды. Англия жанкүйерлері итальяндық жанкүйерлерге шабуыл жасап, матч басталар кезде өтіп бара жатқан адамдарға заттар лақтырған. Мас жанкүйерлер өтіп бара жатқан адамдарға тас, рюкзактар мен жол конустарын лақтырған.
Сондай-ақ, Англия құрамасының жанкүйерлері үш итальяндық жанкүйерге шабуыл жасады, деп хабарлайды AFP тілшісі. Ағылшын жанкүйерлері тіпті бір-бірімен төбелескен, қақтығыстың себебі белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram