Наразы тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады
Алматы маңында ашуға булыққан тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады.
11:00 12.07.2021
11 шілдеде сағат 23.00-де Алматы облысы Бесағаш ауылындағы "Алматау" және "Нұрия" кешенінің тұрғындары ауыз судың жоқтығына байланысты наразылық білдіріп, жолды жапты. Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
Бейнежазбалардан тұрғындардың әкімдік өкілімен эмоционалды сөйлесіп жатқанын көруге болады. Ауыз судың болмауы құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылып кетуінен туындағанын түсіндіреді. Жауаптылар олқылықтар жойылғанын, көп ұзамай пәтерлерге су берілетінін айтты. Полиция бұл оқиғаның Алматы облысы, Бесағаш ауылының аумағында болғанын айтады. 80-ге жуық адам Алматы-Талғар тас жолын жауып тастағаны атап өтілді.
"Тұрғындар тарапынан жасалған бұл әрекеттің себебі – ауыз судың жетіспеуі. Жергілікті атқарушы органдар наразылыққа шыққандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарды таратып жіберді. Көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді”, - деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!