{metadescription}
Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Табиғи шоколад қысқа мерзімде адамның көңіл-күйін көтеріп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді.

Шоколад денеге құрамындағы май қышқылдарының арқасында әсер етеді. Сондай-ақ, ғалымдар тәттілерді тұтыну адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

“Стрессті шоколадтың көмегімен арылту өзін-өзі ынталандыру әсерін тудырады. Кейбір адамдар шоколадқа немесе тәттіге толықтай тәуелді. Әдетте бұл сүйіспеншілік пен адамға көңіл бөлінбеудің салдарынан туындайды", - дейді тәжірибелі психолог Ольга Твардовская.

"Стройная Россия" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының төрағасы Ольга Ванатова стресске қарсы күресте тәттінің көмегі жүйке жүйесіндегі жұбаныш шартты рефлексін тудырып, сол арқылы жақсы көңіл-күйге қол жеткізілетінін атап өтті. Мұндай реакция балалық шақта, ата-аналар балаларын тәттінің көмегімен жұбатқан кезде болған.

"Адамның стресске реакциясы екі кезеңнен өтеді. Біріншісі – адам резервтерді жұмылдыруға тырысады. Екіншісі - пайдаланылған резервтің орнын толтыру қажеттілігі. Атап айтқанда, глюкоза есебінен туындайды. Сондықтан біз стресстен зардап шеккен кезде тәттіні қалаймыз. Шоколад табиғи болса, қысқа мерзімде нөлден төмен көңіл-күйді қалпына келтіруге көмектеседі", - дейді ресейлік қоғам қайраткері.

Ванатованың айтуынша, шоколад шынымен де молекулалық деңгейде жұмыс істейді. Бұл әсер май қышқылдарымен қамтамасыз етіледі.

"Зертханалық тәжірибелерден ғалымдар көмірсуларға бай тағам миға көбірек серотонин - бізді бақытты ететін гормон шығаруға көмектесетінін білді. Алайда, мұндай эйфориялық сезім ұзаққа созылмайды", - дейді сарапшылар

Тәтті дәм, қаптама, шоколадты тілде еріту сезімі жағымды эмоциялар тудырып, тыныштандырады. Сондықтан, күйзеліске ұшыраған адамдар табиғи шоколадты пайдаланғаны тиімді.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде