{metadescription}
Еліміздегі орташа зейнетақы көлемі белгілі болды

Еліміздегі орташа зейнетақы көлемі белгілі болды

Министрлік ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша елде 2 миллион 239 мың зейнеткер бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады. Министрлік ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша елде 2 миллион 239 мың зейнеткер бар, ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері, оның ішінде базалық зейнетақы 99 898 теңгені құрады.

2021 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,3 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,1 млрд теңге бағытталды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Министрліктің хабарлауынша, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.

Мысалы, 20 жыл еңбек өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ін құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары бірнеше рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.