Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына тапсырма берді
Президент сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуды тапсырды.
Фото: akorda.kz
12:49 12.07.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Тоқаев Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram