{metadescription}
Селфи жасамақ болған 11 адам ажал құшты

Селфи жасамақ болған 11 адам ажал құшты

Үндістанның солтүстігіндегі Джайпур қаласында найзағай соғып селфи жасамақ болған 11 адам қайтыс болды.

Қаза болғандар танымал туристік орын 12 ғасыр мұрасына жататын Форт Амер Күзет мұнарасының басында суретке түскен. Жантүрігерлік оқиға кезінде онда шамамен 27 адам болған. Мәліметтер бойынша, олардың кейбіреулері мұнарадан жерге секіріп кеткен.  Қайғылы оқиға салдарынан 11 адам қайтыс болды, зардап шеккендер де бар.

Айта кетейік, 2 шілдеде найзағай салдарынан Свердлов облысында Балтым көлінің аумағында екі адам қайтыс болған. Кенеттен соққан найзағайдан екі отбасы жасырынуға тырысқан, алайда  найзағай салдарынан  1986 және 1988 жылдары туылған екі ер адам ауыр жарақаттар алды. Нәтижесінде екеуі де көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде