{metadescription}
Тұрғын үй бағасы арзандай ма

Тұрғын үй бағасы арзандай ма

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасына қатысты болжам жасады. 

 «Біз үнемі баға болжамы бойынша мониторниг жүргізіп отырамыз. Биыл қаңтар айында жаңа тұрғын үйдің бағасы 3,8%-ға  өссе, қолданыстағы үйдің бағасы 7,2%-ға артқан. Ал маусым айында жаңа үйдің бағасы 0,9 пайызды көрсетсе, қолданыстағы баспана бағасы 1,2 пайызды құрап отыр. Айтар болсақ, Петропавл қаласында қаңтар-ақпан айларында қолданыстағы тұрғын үйдің бағасы 5,6 кейде 4,6 пайызға дейін өскені байқалды. Сәуір айында төмендеу байқалды яғни 2,4 пайызға төмендеді, қазір де осы баға сақталып тұр деуге болады», - деді Қ. Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде жаз айларында тұрғын үй бағасының тұрақтануы бұған дейін де болжанды.

«Біздің болжам бойынша тұрғын үй бағасы маусым-шілде айларында тұрақтанды, бұған дейін болған баға өсімі зейнетақы жинағын баспана алуға рұқсат етілуімен байланысты. Бүгінде ол мәселе де бір ретке келді. Менің жеке болжамым бойынша алдағы қыркүйек айында тұрғын үй бағасының төмендеуі күтіледі», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде