{metadescription}
Ақсуда пәтерден әйел мен екі бала өлі күйінде табылды

Ақсуда пәтерден әйел мен екі бала өлі күйінде табылды

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тексеру жүргізуде.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан  сұрастыруда", - дейді департаментте.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.