Ashyq: «Қызыл» мәртебесі бар 32 алматылыққа айыппұл салынды
Бұл туралы онлайн брифинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті.
17:29 12.07.2021
«Бүгінде Ashyq жүйесі жұқтырғандардың карантин режимін сақтау әрі инфекцияның таралуына жол бермеу бақылауда. 2021 жылы 9 сәуір мен 8 шілде аралығында қоғамдық тамақтану нысандарында сканерлеу кезінде «қызыл» мәртебесі бар 323 адам тіркелді. Фитнес, бассейн орындарында – 164, кинотеатрда – 79, СОСО – 24, ХҚКО келушілердің арасында – 21 адам анықталды.Тәртіп бұзушыларға 10 маусымнан бастап 32 адамға 30 АЕК айыппұл салынды», - деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, тексерушілер кәсіпкерлерге санитарлық талаптарды ескере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
«Біз тағы да қала азаматтарынан коронавирустың таралуына қарсы күресте көмек көрсетуді, вакциналауды және Ashyq жүйесіндегі нысандарға бару үшін міндетті түрде тіркеуден өтуді сұраймыз. Сондай-ақ коронавирусқа оң тест болған жағдайда әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамдық орындарға бармауға шақырамыз», – дейді ол.
Сонымен қатар, ол көп жағдайда «қызыл» мәртебе тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға кел
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!