Қазақстандық ару Славян базары байқауында Гран-при алды
Қазақстандық ару "Славян базары – 2021" байқауында Гран-при иегері атанды, ал Димаш Құдайберген үлкен қошеметке ие болды.
09:00 19.07.2021
"Славян базары" Қазақстанның Туымен аяқталды. Бас жүлде Рухия Байдүкеноваға XXX халықаралық "Славян базары" өнер фестивалінде табысталды. Бас жүлде үшін бәсеке мықты болды. Екінші турда қатысушылар славян халқының хиттерін орындаған. Кей артистер үшін бұл оңайға соқпады, оларға орыс тілін үйренуге тура келді, деп жазады басылым.
Қызу тартыста Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жеңіске жетті. Үздік орындаушыға бас жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Бірінші орынды Сербиядан келген Ирина Арсениевич, екінші орынды украиналық Рената Штифель мен Даниил Мышковец, үшінші орынды словакиялық Иванна мен Әзербайжаннан келген Тофик Гаджиев бөлісті. Сербиядан келген "Славянская надежда" Президентінің арнайы жүлдесін Беларусь премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко табыс етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!