Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
12:02 19.07.2021
"Фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде +20+25℃, күндіз +33+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18℃, күндіз термометрдің бағандары +23+35℃, солтүстік-батыста түнде +12+25℃, күндіз +25+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21℃, күндіз +25+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40°С" - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram