Токиода Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды.
09:49 21.07.2021
Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді. Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командсы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды, деп жазады Olympic.kz.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады.
Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!