Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында шенеунік 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйымның басшыларының үстінен аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.
10:12 21.07.2021
Тергеуді Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізіп жатыр.
«Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынатын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсында ЖШС-ны жеңімпаз деп танығаны және нысанда орындалған жұмыстардың көлемін кедергісіз қабылдағаны үшін облыс аумағында нысан салу бойынша шарт сомасының 666 миллион теңгені құрайтын 15 пайызы есебінен қайтару ретінде 90 миллион теңгеден 33 500 доллар (14 304 500 теңге) сомасында пара алды», - делінген хабарламада.
Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алуға қатысты деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомство мәліметінше, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қаралады. Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram