{metadescription}
ДДҰ коронавирустың қазіргіден де қауіпті штамы пайда болуын ескертті

ДДҰ коронавирустың қазіргіден де қауіпті штамы пайда болуын ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) директоры Тедрос Адан Гебрейесус дельта нұсқасынан да қауіпті штамының пайда болу қаупі туралы ескертті.

Бұл туралы ол Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, соғұрлым жаңа нұсқалар пайда болады. Дәл қазір үлкен зиян келтіретіп отырған «дельта» штаммынан да қауіпті штаммдар пайда болуы ықтимал. Вакцина арқылы вирустың таралуын тоқтата аламыз», - деп атап өтті Гебрейесус.

ДДҰ директоры одан «Пандемия қашан аяқталады?» деп жиі сұрақ қойылатынын айтты.

«Шынында да, ковид пен пандемия бізді көптеген мәселеге бетпе-бет әкелді... Пандемия – бұл сынақ және әлем оны жеңе алмай жатыр», – деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде