{metadescription}
Нөсер жаңбырдан қаланы су басып, көлік қатынасы тоқтады

Нөсер жаңбырдан қаланы су басып, көлік қатынасы тоқтады

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр қуатының жұмысын бұзды.

Су деңгейі қатты көтерілгендіктен, қаладағы жол қозғалысы тежелді. 80-нен астам автобус маршруттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, 100-ден астам маршрут қайта бағытталды, метроның жұмысы да тоқтатылды.

Чжэнчжоудағы әуежай 260 келетін және ұшатын рейстерді тоқтатса, жергілікті теміржол қызметтері де кейбір пойыздардың қозғалысын тоқтатты немесе кешіктірді. Нөсер салдарынан қаланың бірнеше тұрғын ауданы сусыз және электр жарығынсыз қалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде