Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкенттегі эпидахуал әлі де күрделі
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2673 адам вакцина салдырды.
12:43 21.07.2021
Тұрғындардың 1012-сі вакцинаныың I компонентін қабылдаса, II компонент 1661 адамға егілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 345 167 адам вакциналанған. Оның ішінде 219 325-і вакцинаның екі компонентін қабылдаған.
Ал, 20 шілде күнгі мәлімет бойынша мегаполисте КВИ-дің 412 жағдайы тіркелген. 204 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2946 орын бар болса, төсек-орын толымдығы - 66 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, 20 шілде күні 784 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған. Әкімшілік хаттамалар толтырылған. Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда қалып отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram