{metadescription}
Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонаған

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонаған

Елорда полицейлері ойыншық тапаншамен ломбард тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

20 шілдеде «102» пультіне кассирден белгісіз біреу тапаншамен қорқытып, ломбардты тонап кеткені туралы хабар түскен. Ер адам 200 мың теңге алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жәбірленушінің сөзінше, сағат 12.00-де медициналық маска киген ер адам терезеден тапанша кезеніп, целлофан дорбаға кассадағы ақшаның бәрін салуды сыбырлап бұйырған. Бұйрық орындалмаса, тапаншамен атып тастайтынын айтып, қорқытқан. Кассир айтқанын орындап, кассадағы бар ақшаны тонаушы ұсынған дорбаға салып берген.

«Оқиға орнына жедел полиция жасағы келіп, күдіктінің белгілерін анықтады. Жедел басқару орталығының операторлары бейнекамераларды сүзгіден өткізіп, күдіктіге ұқсас ер адамның ізіне түсті. Кадрдан оның асығыс жүріп бара жатып, белгісіз затты байқатпай лақтырғаны айқын көрінеді. Ол тастаған белгісіз зат – ойыншық тапаншаны басқа бір жүргінші тауып алған. Күдікті сауда үйінің тұрағында ұсталды. Ол қала маңындағы кенттің 28 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр. Аталған оқиға ізімен «қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.