Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Отандық танымал суретші дүниеден озды
Алматыда белгілі қазақстандық суретші Вадим Сидоркин қайтыс болды.
16:08 21.07.2021
Қаралы хабарды Суретшілер одағы растады. Вадим Сидоркин 62 жаста еді. Оның өліміне не себеп болғаны айтылмайды.
Вадим Сидоркин - әйгілі Евгений Сидоркин мен Гүлфайрус Исмаилова сынды суретшілердің ұлы. Евгений Сидоркин - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын безендіріп тұрған алып декоративті панноның авторы және Әуезовтің "Абай жолы" классикалық романының иллюстрациясын жасаған. Қастеев атындағы өнер мұражайы коллекциясының інжу-маржаны болып табылатын "Қазақ вальсі" картинасы қылқалам шебері Гүлфайрус Исмаиловаға тиесілі. Сондай-ақ ол Күләш Байсейітованың, Дина Нұрпейісованың және басқалардың портреттерін салған.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram