{metadescription}
Атыс шығарған ер адам ақыл-есі кем деп танылды

Атыс шығарған ер адам ақыл-есі кем деп танылды

Қазандағы №175 мектепте жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке жүргізілген сараптама қорытындысы шықты.

Бұл туралы «Газеты ОНК» басылымында қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы мәлімдеді.

«Біздің ақпарат бойынша, В.П. Сербский атындағы Мемлекеттік әлеуметтік және сот психиатриясы ғылыми орталығы Қазан қаласында атыс шығарған Ильназ Галявиевтің ақыл-есі кем деп танылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 мамырда Ресейдегі мектептірдің бірінде 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда жарылыс жасап, оқушылар мен мұғалімдерге оқ атқан. Нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті оқушы мен 25 жастағы ағылшын тілі мұғалімі Эльвира Игнатьева және 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Венера Айзатова көз жұмды. Тағы 24 адам зардап шекті.

Қаскөй қазір түрмеде, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде