{metadescription}
Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді

Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді

Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында алапат өрт шықты.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 шілде күні сағат 11:33-те «101» пультіне Наурызбай ауданы Райымбек даңғылы 548/2 мекенжайында жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бірінші бөлімшелер келгенде жалпы ауданы 220 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Күштер мен құралдар шақыру дәрежесі бойынша тартылды. Өрт орнында штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.

«Сумен жабдықтау көздерінің қашықтығына байланысты өрт сөндіру автопойызы іске қосылды, магистральдық желілер тартылып, үздіксіз сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру көп қабатты шатырдың құрылымдық ерекшеліктерімен күрделене түсті: бетон плитасының үстіне таушайырлы мастикасы төселді, оның үстіне ағаш жәшікке металл шифер орнатылды. Өрт сөндірушілер шатырды апаттық-құтқару құралдарымен ашты, екі өрт автосаты іске қосылды», - деп атап өтті ТЖД өкілі.

Өрт бір сағат ішінде 12:39-да ауыздықталып, 12:47-де сөндірілді. Өртсөндірушілер көрші екі нысанның жануына жол бермеді. Құрылымдарды бөлшектеліп жатыр. Өртті сөндіруге 12 техника мен жеке құрамның 40-тан астам адамы тартылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.