{metadescription}
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі мен қызын ұрлап кетті

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі мен қызын ұрлап кетті

Қарағанды облысының Балқаш қаласында әйел мен кәмелет жасқа толмаған қызының ұрлану фактісін куәгерлер көзбен көрген.

Анасы мен қызын ұрлау жайлы хабарлама Балқаш полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғыннан келіп түсті. Қоңырау шалған ер адам қызы жұмыстан шығып, балабақшаға баласын алып кетуге кеткенін, үйге оралмағанын айтып хабарласқан. Әйел мен қыздың жоғалып кетуіне байланысты тергеуді арнайы жедел-тергеу тобы бастады.

Хабарлама келіп түскен соң полицейлер бірнеше болжамды нұсқаны пысықтап, адам ұрлығын бұрынғы күйеуі жасауы мүмкін екенін ескерген. Балабақша қызметкерлері куәлік бергеннен кейін, осы нұсқаның растығы анықталды. Куәгерлердің айтуынша әйел мен баланы көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытта қарай кеткен.

Осы оқиғадан біраз бұрын ерлі-зайыптының ажырасқаны және әйелдің Қарағандыдан Балқаштағы туыстарына көшіп кеткені анықталды. Алайда от ағасы бұл шешімге келіспей, қызын жиі көрі үшін осындай амалға барған. Бұл туралы Балқаш қаласынан хабарлама алғаннан кейін Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің болуы мүмкін барлық орындарды қараған. Әйел мен баланы облыс орталығындағы жер үйлердің бірінен тапты. Күдікті де бірден қолға түсті.

Отбасын күштеп Қарағандыға қайтаруға оқталған азамат мұндай мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастар аясында сотта шешілуі мүмкін екенін ескермегенін айтты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы «бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясына сәйкес, ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.