{metadescription}
БҚО-да комбайншыны ток соғып мерт болды

БҚО-да комбайншыны ток соғып мерт болды

Батыс Қазақстан облысында комбайн айдап келе жатқан механизаторды ток соқты.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11.50 шамасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылынан 4 шақырым қашықтықта болған.

«Астық жинайтын комбайнның тізгініндегі 26 жастағы оператор-механизатор егін даласында жұмыс істеп жатып, электр тарату желісін басып кеткен. Салдарынан оны ток соқты. Механизатор оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға орнына БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері барған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде