Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус пен пневмониядан тағы 77 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан адам өлімі бойынша антирекорд жаңарды.
09:37 22.07.2021
Кейінгі тәулікте елде коронавирустан 64 адам көз жұмған. Бұл пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар, пневмониядан 13 қазақстандық қайтыс болды.
22 шілдедегі мәлімет бойынша, 67 475 адам коронавирус инфекциясынан (–65 808 + және 1667 КВИ-) емделіп жатыр:
- 20 526 пациент стационарда,
- 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1190 адамның жағдайы ауыр,
- 272 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 168 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.
20.07.2021ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты.
13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 58917, 3575 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53675 жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram