{metadescription}
Талдықорғанда азамат бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін желіге жариялап жіберген

Талдықорғанда азамат бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін желіге жариялап жіберген

Талдықорған тұрғыны бұрынғы сүйіктісін қайтаруға тырысып, оның интимді суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған.

23 жастағы бойжеткен бұл туралы полицияға 19 шілдеде шағымданған, оған сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

"Жәбірленуші ер азаматпен 2020 жылы айырылысып кеткен. Алайда бұған көнбеген күдікті қыздың қыр соңынан қалмай қойған. Ең соңында ол бойжеткенді интимді суреттеріңді желіге жариялаймын деп қорқытуға дейін барған", - дейді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа. 

34 жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісінің аккаунтын бірнеше рет бұзған. Ол оның атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, интимді суреттерін жүктеген. Ол сондай-ақ қыздың жақын адамдарына арналған түрлі фотосуреттер мен видеоларды жариялай бастаған.

Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жеткізілді. Полиция бөліміне жеткізілген ол бар кінәсін мойындаған. Полиция сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі "Жеке баcқа қол сұқпаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде