{metadescription}
Кеме апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті
Тунис жағалауында болған кеме апатынан кем дегенде 17 адам суға кетті.
12:16 22.07.2021
Бортта болған мигранттар Жерорта теңізі арқылы Италиядан Ливияға өтпек болған. Қаза тапқандардың барлығы – Бангладеш азаматтары. Жағалау күзеті 380 адамды құтқарған.
Reuters-тің жазуынша, кеме Ливияның Зуара портты қаласынан (елдің солтүстік-батысы) бағыт алған. Оның бортында Сирия, Мысыр, Судан, Эритрея, Мали және Бангладеш елдерінен келген мигранттар болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!