{metadescription}
Қызылорда облысында 3 мың рулон шөп өртеніп кетті
Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде 21 шілдеде сағат 20.20-да болған.
12:37 22.07.2021
Жергілікті шаруа қожалығының аумағындағы ашық алаңда жиналған шөп өртенген.
«Шөптің жалпы саны 3000 рулонды құрайды. Ол шамамен 1200 тоннаға жуық. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 13 қызметкер 3 автокөлікпен барды. Олардың күшімен сағат 23.30-те оқшауланып, 00.30-те толығымен сөндірілді», - деді департаменттен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!