Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да 11 жастағы бала өз-өзін атып өлтірді
Он бір жасар жасөспірім өз үйінде өлі табылды.
12:56 22.07.2021
Оқиға Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылының жанында болды. Белгілі болғандай, марқұмның жанында карабин табылды. Жедел медициналық жәрдем станциясына қоңырау 16 шілде күні сағат 12:30-да түскен.
«Бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Биыл оқушы 6-сыныпты аяқтаған. Оқ баланың мойнына тигенін атап өтті. Бұл уақытта ата-анасы үйде болмаған.
«Отбасының тұрмысы жақсы. Отағасы шаруа қожалығымен айналысады, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы жағдай дәл қалай болғанын біз айта алмаймыз», - деп Бөкейорда ауданы әкімдігінің өкілі түсініктеме берді.
Бұған дейін полицейлер қару-жарақты қолдану ережесін еске салған: қаруды оқтап қоюға болмайды, оны ешқашан адамға кезенбеңіз, оқ ататын ойыңыз болмаса, мылтықтың тартпасына саусағыңызды тигізбеңіз, балалардан аулақ ұстаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram