{metadescription}
Елордада сатушыларды ескі әдіспен алдайтын алаяқ ұсталды

Елордада сатушыларды ескі әдіспен алдайтын алаяқ ұсталды

Елордада ақша ұсақтату сылтауымен бірнеше сатушыны сазға отырғызған Теміртаулық жігіт ұсталды.

Біржан Сал көшесіндегі дәмханада жас жігіт кесек купюраны ұсақтату сылтауымен кассадан 10 мың теңгені жымқырған. Кейін күдіктінің дәл осындай жолмен астанадағы үш дүкеннің сатушыларын да алдағаны белгілі болды.

«Дүкен себетіне азық-түлік толтырып, кассаға келген жігіт 10 мың теңгені көрсетіп, бірақ оны қолынан шығармайды. Сатушы есепті санап, қайтаратын ақшаны кассадан алып жатқанда, ол сатушыны әңгімеге айналдырып, 10 мың теңгені қайта әмиянына салады. Осыдан кейін «сатып алған» заты мен қайтарған ақшаны алып, қылмыс болған жерден ізін суытып отырған», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция кәсіпкерлерге ақша айырбастау түріндегі алаяқтықтан сақ болу керектігін ескертеді. Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны ұсақтау сылтауымен алдайды», - делінген департаменттің мәліметінде.

29 жастағы күдікті бұрын есірткімен байланысты қылмысқа барғаны үшін сотталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде