{metadescription}
Анасын балағаттаған астаналық 10 тәулікке қамалды

Анасын балағаттаған астаналық 10 тәулікке қамалды

Анасына тіл тигізген елордалық 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Полицияның баспасөз қызметі.

«Полицейлер отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу мақсатында үйлерді аралады. Тексеріс кезінде учаскелік инспекторға егде жастағы ана 56 жастағы ұлына шағымданған. Оның айтуынша, ер адам үйге мас күйде келіп, егде жастағы анасымен сөзге келіп, балағат сөздер айтып, психологиялық зорлық көрсеткен. Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, есепте тұрған. «Арнайы ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордалық полицейлер 19-23 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шараларын өткізуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде