Цой 5 қалада қандай шектеулер енгізілетінін айтты
2 тамыздан бастап бірнеше өңірде Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.
18:06 28.07.2021
«Кеше ведомствоаралық комиссия шешімімен 5 өңірде 2 тамыздан бастап күшіне енетін қосымша шектеу шаралары бекітілді. Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатыла тұрады», - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың, кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталды (вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).
«Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыға тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті», - деді Цой.
Жұмыс күндері Ashyq-қа қатысатын субъектілер қызметі сағат 20.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 22.00-ға дейін 9 тамызға дейін шектеледі.
«Ashyq» арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отырғаны белгілі. Мәселен «қызыл және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам азамат анықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары