{metadescription}
Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

Армения президенті Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындады.

Президенттің жарлығы конституциялық талапқа негізделген, оған сәйкес республика үкіметінің басшысы болып парламенттік көпшілік ұсынған кандидат тағайындалады. 

2 тамызда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы бойынша құрылған 8-ші шақырылымның Ұлттық жиынының бірінші отырысы өтіп жатыр. Парламенттік көпшілікті құрайтын «Гражданский договор» парламенттік фракциясы премьер-министр кандидатурасына өзінің көшбасшысы – Никол Пашинянды ұсынды. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, ел Президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиынның өкілеттік мерзімі басталысымен премьер-министр ретінде парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты тағайындайды.

«Конституцияның 149-бабының 1-бөлігін негізге ала отырып, Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалсын», - делінген Армения Президенті жарлығының мәтінінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде