{metadescription}
Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті

Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда инфекциялық төсек-орындардың 65,6%-і бос емес.

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаланың не себепті коронавирустың таралуы бойынша «қою қызыл» аймаққа енгенін айтты. Оның сөзінше, барлығы республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысына негізделген.

«Неліктен Алматы «қою қызыл» аймаққа кірді? Бұл - ең алдымен алдын алу шарасы. Тәулік сайын тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1200-1500-ден астам жағдайы тіркеліп отыр», - деп атап өтті ол.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда инфекциялық төсек-орындардың 65,6%-і бос емес. Қала бойынша 7 625 төсек-орын бөлінген. Қазіргі уақытта 4 930 адам ауруханада жатыр.

Айта кетері, Қазақстанда бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирус матрицасы бойынша «қою қызыл» аймақ пайда болды. «Қою қызыл» аймаққа инфекциялық төсек-орынның 70%-і толы, ал төсек-орынның толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асатын өңірлер кіреді.

Екінші тамыздан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Атырауда және Қарағандыда карантин күшейтілді. Бұл қалалар «қою қызыл» аймаққа кіріп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.