Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада 2 тамыздан бастап сауда орталықтары мен кафе-ресторандар қалай жұмыс істейді
Бүгін, 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.
Фото: elements.envato.com
16:50 02.08.2021
Құжатта елорданың бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі жазылған. Жаңа қаулыға сәйкес, дәріханалардан, азық-түлік дүкендерінен, байланыссыз жолмен қызмет көрсететін нысандардан және «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандарының көпшілігінің жұмысына тыйым салынғанын айта кету керек.
Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен қала орталықтарына кіру тек Ashyq жүйесіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл нысандардың жұмыс кестесі — таңғы сағат 7-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар, сенбі және жексенбі күндері бұл нысандардың жұмысына тыйым салынады.
«Фудкорттар жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынған. Ал дүйсенбі-жұма күндері адам санын 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей алады. Жұмыс және демалыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін тамақ жеткізуге және өзімен алып шығуға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар мен ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады», — делінген қаулыда.
Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары — мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, асханалар орналасқан жеріне қарамастан тамақ жеткізу немесе алып шығу қызметтерін көрсете алады. Ashyq жобасына қатысушыларға тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте мекеменің ішінде және ашық ауада толтырылуы 50 пайыздан аспауы керек, бірақ орын саны 50-ден асып кетпеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram