{metadescription}
Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті.

Сәби түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 1 тамыз күні сағат 23: 40-та Қарағандыда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған бала құлап түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді.

«Балада біраз жарақат бар - жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпенің көгеруі. Екі аяғы бірнеше жерден жарақаттанған. Иек аймағының көгерген жарасы. Іштің жарақаты. Жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, ересектер қарауынсыз қалу - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған байланысты облыстың ТЖД қызметкерлері ата-аналардан кішкентай баласын мұқият қадағалауды, оларды терезесі ашық үйде жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде