{metadescription}
Эпидахуалы нашарлаған 4 өңір қою қызыл аймақта тұр

Эпидахуалы нашарлаған 4 өңір қою қызыл аймақта тұр

Бұл өңірлерде 2 тамыздан шектеу шаралары күшейтілді.

Карантинді қатаңдату кезінде іскерлік белсенділік пен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру балансы ескерілген. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары "қою қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, "қою қызыл" аймақта 4 өңір – Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол 2 тамыздан өңірлерде шектеу шаралары күшейгенін атап өтті. Карантинді қатаңдату кезінде іскерлік белсенділік пен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру балансы ескерілген. 

Еске сала кетейік, Түркістан облысы сары аймаққа қайта оралғанын хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.