Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі
Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты.
Фото: elements.envato.com
10:00 03.08.2021
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 40%-ке жуығы екпе алды. Елге тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион доза вакцинаны қосымша жеткізуге келісімшарттар бекітті. Олар кестеге сай жеткізіледі. Осыған байланысты республикада вакцина жеткілікті көлемде", - деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, қазіргі кезде 9,4 миллион доза пайдаланылған. Оның ішінде 1-ші компонент 5 480 094 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 55,4%-ін құрайды. Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе вакциналануға тиіс тұрғындардың 39,8%-і алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram