{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем шақыру екі есеге артты

Алматыда жедел жәрдем шақыру екі есеге артты

Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырту екі еседен астамға артты.

Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті.

«Бүгінгі күні жедел жәрдем шақырту артты – күніне шамамен 3 700 қоңырау. Олардың ішінде 2 700 шақырту шұғылдылықтың 1-3-інші санаттарына жатады, ал қалған 1 000 шақырту шұғылдылықтың 4-санатынан. Шақыртулардың шамамен 25-30% КВИ және пневмониямен байланысты. Жедел жәрдем шақырту өткен аймен салыстырғанда екі есеге көбейді», - деді ол.

Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім еткендей, 2 тамыз күні Алматыда коронавирус жұқтырудың жаңадан 1 531 жағдайы (жергілікті) тіркелді. Олардың 1 388-і – симптоммен, 143-і – симптомсыз. Инфекциялық стационарларда 4 852 науқас (241 бала) жатыр. 7 045 орын бос емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек және Телемедицина орталығының мобильді бригадаларының қарауында үйде 10 045 науқас жатыр. Олардың 9 520-сы жеңіл және орта дәрежеде ауырып жатыр, 525-сі – симптомсыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.