Коронавирус пен пневмониядан 150-ге жуық адам қайтыс болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.
09:34 04.08.2021
Қазақстан аумағында 124 адам - коронавирустан, тағы 25 адам - пневмониядан қайтқан. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 04 тамыздағы ақпаратты жариялады.
4 тамыздағы мәлімет бойынша 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде
- 29 325 пациент стационарда,
- 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 786 адамның жағдайы ауыр,
- 412 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 209 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сонымен қатар 2021 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат та жарияланды.
2 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар - 61772, 3781 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54961 жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!