{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 150-ге жуық адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 150-ге жуық адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Қазақстан аумағында 124 адам - коронавирустан, тағы 25 адам - пневмониядан қайтқан. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 04 тамыздағы ақпаратты жариялады.

4 тамыздағы мәлімет бойынша 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде

  • 29 325 пациент стационарда,
  • 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 786 адамның жағдайы ауыр,
  •  412 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  209 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сонымен қатар 2021 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат та жарияланды.

2 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар - 61772, 3781 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54961 жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде