{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев судьялар арасында ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 30 шілдедегі "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.
12:09 04.08.2021
Төраға лауазымына келесі адамдар тағайындалды:
- Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Ербар Қалиев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Нұрлан Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Ақмола облысы бойынша: Әлібек Оразов Біржан ауданының соты болды;
- Алматы облысы бойынша: Кербұлақ аудандық сотына Марта Жүкенов осы облыстың Ескелді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Жарма аудандық сотына Руслан Омаров осы облыстың Күршім ауданының No2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
- Қостанай облысы бойынша: Рудный қалалық соты - Ерлан Мырзағожинов;
- Алматы қаласы бойынша: Жетісу ауданының No2 аудандық соты - Сержан Байболов.
Сондай-ақ жаңа судьялар тағайындалды.
Қызметінен босатылды:
- Алматы қаласы бойынша: өз өтініші бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Мұхамеджан Ерзақов судьяның өкілеттігі тоқтатыла отырып;
- басқа жұмысқа ауысуына байланысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айжан Смайыл;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: өз өтініші бойынша Алматы аудандық сотының судьясы Айнаш Бозжігітова;
- басқа жұмысқа ауысуына байланысты Есіл ауданының No2 аудандық сотының судьясы Азизбек Мұсабеков .
Толық тізімге мына сілтеме арқылы өте аласыз.
Президент жарлыққа 30 шілдеде қол қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram