Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді
ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдеде «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері туралы» бұйрыққа қол қойды.
11:31 04.08.2021
Осылайша меншік түріне және ведомствоға бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері келесідей болады деп көрсетілген:
- 2021-2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
- 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы - 33 оқу аптасы, 2-11(12)-сыныптарда - 34 оқу аптасы;
Оқу жылы барысындағы демалыс кезеңдері:
- 1-11(12)-сыныптарда: күзгі демалыс - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығы), қысқы демалыс - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтар аралығы), көктемгі демалыс - 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығы);
- 1-сыныптарда: қосымша демалыс күндері - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығы).
Аталған бұйрық 2021 жылғы 9 тамызда күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram